magnifying-glass Іздеу
burger menu
logo
magnifying-glass
ОДВЗЯИ-ді ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ

2010 жылғы 21 маусымда Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығында Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымын (ОДВЗЯИ) қолдауға арналған Халықаралық оқу орталығының ашылуы өтті.

Оқу орталығын ұйымдастыруға қаржылық және әдістемелік қолдауды Норвегия Сыртқы істер министрлігі қаржыландырған келісімшарт аясында НОРСАР норвегиялық сейсмологиялық орталығы көрсетті.

Аталған оқу орталығында Орталық Азияның әртүрлі елдерінен келген сейсмолог мамандар оқытылатын болады. Олар мониторинг станцияларынан алынатын цифрлық сейсмикалық деректерді өңдеудің заманауи әдістерімен танысады, халықаралық және ұлттық деректер орталықтарының жұмысымен танысып, ОДВЗЯИ қызметінің негізгі қағидаттарын меңгереді.

earth Жер сілкінісін сездіңіз бе?